ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ » «№100 Жұлдыз жалпы орта білім беретін мектебі»
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№100 Жұлдыз жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (702) 463-50-52
Есепші бөлімі:
+7 (702) 463-50-52
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
ақпан
2024

ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ

ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №100 "Жұлдыз" жалпы орта білім беретін мектебінде қамқоршылық кеңестің кезекті отырысы өтті.
Күн тәртібінде:
1. 2023 жыл бойы атқарылған іс-шараларының есебін тыңдау.
2. Құқықбұзушылық алдын алу жұмыстары.
3. Мектепті материалдық техникалық жабдықталуы.
4. Әр түрлі мәселелер.
Бірінші мәселе бойынша мектеп директоры Н.А.Абилдабекова 2023 жыл аясында атқарған мектептің бірқатар жетістіктері мен алға қойған мақсаттарына оның ішінде оқушылар мен ұстаздардың үздік жетістіктері, жалпы білім сапасын көтеру жоспарын жүзеге асыру үшін мұғалімдердің жұмыс жасап жатқанына тоқталып өтті.
"Құқықбұзушылықтың алдын -алу" жұмыстары бойынша Еңбекші ауданы полиция басқармасының мамандарымен бірлесіп профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
414 ерекшелік бойынша мектепті материалдық техникалық жабдықталуына 12250000 теңгеге мектепке қажетті заттар сатып алынды. Оның ішінде АӘД кабинеттің жабдықталуына - 7994000 теңге, интерактивті панель -799679,78 теңге, стол, шкаф, 20 орындық - 3453971,97 теңге. алынғанын айтып өтті.
Келесі мәселе бойынша қала әкімі мен Еңбекші ауданы әкімдігінің шыршасына жас ерекшеліктері мен әлеуметтік санаттарына сәйкес келетін оқушыларды барып қатысып сыйлықтар алды. Денсаулығынан байланысты үйде оқытылатын оқушыларға мектеп мұғалімдері үйлеріне барып жаңа жылдарымен құттықтап, сыйлықтарын берді.
Қамқоршылық кеңес мүшелеріне мектепте үйірме кабинеттердің жоқтығы, спорт залдың ережеге сай болмауы, ұл мен қыздарға арналған шеберхананың стандартқа сай келмеуі, кітапхананың тарлығы айтылып, қамқоршылық кеңестің атынан қалалық білім басқармасына қосымша құрылыс нысандарын салуға сұраныс білдірсеңіздер деп өтінішін айтты.
Қамқоршылық кеңестің мүшесі Жумабаев Досжан мен кеңес мүшелері мектеп басшысының жарты жылдық есебіне оң бағасын беріп, мектеп ұжымына жылы лебізін білдірді.

ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив